• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Маусым, 2020

Атырау: Тағы 69 адам індетке шалдықты

524 рет
көрсетілді

Кеше ғана коронавирус індетін жұқтырушылар қатары азайғандай болған еді. Алайда, соңғы тәулікте тағы да 69 адамның коронавирус инфекциясына шалдыққаны анықталды.

Өңірлік жедел штбатың мәліметіне қарағанда, науқастардың арасында Теңіз кенішінде жұмыс істеген 54 адам бар. Сондай-ақ, Атырау қаласының 11 тұрғыны  коронавирустың «қақпанына» түсті. Ал, Жылыой ауданынан 3, Мақат ауданынан 1 тұрғыннан да қауіпті індеттің белгісі расталып отыр.

– Атырау облысында коронавирусты жұқтырғандар саны 1105 адамға жетті. Жазылып шыққандар –314 адам, - деп хабарлады жедел штаб.