• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Білім 01 Маусым, 2020

Елімізде 20 мың білім беру ұйымы бар

211 рет
көрсетілді

Қазір елімізде 5 миллион баланы қамтитын 20 мың білім беру ұйымы жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды.

- 10 жыл ішінде балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінің саны 70% - ға, 14 052 адамнан 4193-ке дейін қысқарды. Ал балалар үйінің желісі 210-нан 101-ге дейін, яғни 52% - ға қысқарды. Ал соңғы 4 жыл ішінде балалар үйінің тәрбиеленушілерінің саны 42% - ға, 7 236 адамнан 4 193-ке қысқарды. Ал балалар үйінің желісі 140-тан 101-ге, яғни 28%-ға қысқарды, - деп жазды Асхат Аймағамбетов   Оның айтуынша, балалар үйлері қолдау орталықтарына айналады. Азаматтық қоғам бұл жұмысқа белсене атсалысып жатыр.   - «Тәлімгерлер» мен «Аналар үйі» сияқты жобаларды ерекше атап өткім келеді. Десе де түйткілді мәселелер бойынша жұмыс әлі де жүргізіліп жатыр. Мемлекетімізде білім алу құқығына баса назар аударылады. Қазір елімізде 5 миллион баланы қамтитын 20 мың білім беру ұйымы жұмыс істеп жатыр, - делінген министр жазбасында.