• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Маусым, 2020

Түркістанда туризмді дамытуда озық тәжірибелер қолданылады

252 рет
көрсетілді

Киелі Түркістан шаһарына саяхаттаушы келер алдында онлайн таңдау жасай алады. Жаңадан дайындалған туристік себетіне электрокармен аралап, гид пен аудиогид көмегіме жүгіну, этно және брендтелген кәдесыйлар дүкендеріне саяхат кіреді. Көлікпен Сауран қаласына сафари, бүркіттер шоуы, ыстық тандыр нан мен саумал ішіп, күн батқанда түйелер керуенін тамашалау және көшпенділер шоуы, қобыз үнінің сүйемелдеуімен кештер көріністері ұсынылады.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте туризмді дамытудағы осындай қызметтік ерекшеліктерді баяндаған Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов облыс орталығын дамыту бағытындағы атқарылған жұмыстар мен жоспарларға да тоқталды. Түркістан қаласында бірқатар құрылыс жұмыстары шілде айында толық аяқталатынын жеткізді.

«Әзірет Сұлтан» қорық мұражайының аумағын абаттандыру құрылысы 3 кезеңге бөлінген. Кәріз жүйесін жүргізуге жер қазылып, су бұрқақ алаңына бетон құю жұмыстары жалағасуда. «Тұңғыш Президент саябағында» бүгінгі таңда жалпы кәріз және электр жүйелері толықтай аяқталған. Жарық жүргізіліп, сыртқы су жүйесі іске қосылды.

Саябақта 2 мыңдай ағаш отырғызылған. Сондай-ақ қала әкімі Түркістан қаласы рухани-мәдени орталығының алаң ішіндегі инженерлік-инфрақұрылым құрылысы мен драмтеатр аумағын абаттандыру жұмыстары да кестеге сай жүргізілуде екенін айтты. Көне сәулет өнерінің көзі – «Керуен сарай» кешенінің құрылысы алдағы күзде аяқталады.