Бүгін Қызылжардағы атақты ботаникалық бақ балаларды қорғау күнінің құрметіне есігін айқара ашты.
Солтүстіктің суығында пальма өсірген, оранжереясындағы сирек кездесетін көшкіндерімен балалар түгіл үлкендердің өзін таң қалдыратын бұл бақтың ашылғанына 108 жыл болған екен. Ол соңғы жылдары жөндеуде болып, ұзақ уақыт тұрғындардың көз қуанышы бола алмаған. Тек бүгін ғана бөбектерді қуантып, келушілерге құшағын жайып қарсы алды.
Бақтың қайта ашылуына облыс әкімі Құмар Ақсақалов, қала әкімі Болат Жұмабеков және тағы басқа келіп, бүлдіршіндердің бақты басына көтеріп, қуана жүгіргенін, таңырқап шуылдағанын көздерімен көрді. Көп адамдардың еңбегі сіңіп, ұзақ уақыт бойы өсірілген осынау керемет мұраны жабылады екен деген сыпсың сөздер де шыққан. Бірақ облыс бюджетінің есебінен ол қайта түлеп, шіріген ескі ағаштары кесіліп, жаңа ағаштар отырғызылып, ішіндегі жолдары жөнделіп, жаңа көшкіндер егілді. Кіреберісіндегі су бұрқақ, сарқырама және тағы басқа кірген адамның көңілін бірден көтереді. Болашақта бұл бақ қала туризмінің орталығы болар деген үміт бар. Осы нысанға Қазақстанға еңбек сіңірген агроном Равил Рязаповтың сіңірген еңбегі зор. Баққа келген қалалықтар оның атына алғыстарын айтып жатады.
ҚЫЗЫЛЖАР