• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Маусым, 2020

Өскеменде әскерилердің отбасына арналған саябақ ашылды

545 рет
көрсетілді

Саябақтың кіре берісіне әскери қызметші отбасының мүсіні қойылған.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай кеше Өскемен гарнизонының әскери қалашығында Әскери қызметшілердің отбасына арналған саябақ ашылды.

Саябақтың кіре берісіне әскери қызметші отбасының мүсіні қойылған, саябақ іші абаттандырылып, гүл көшеттері отырғызылыпты. Шара аясында Өскемен гарнизонының басшылығы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отыра Жаңа Ахмер қалашығындағы әскерилердің және мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған отбасыларының балаларын құттықтап, шоу-бағдарлама әзірлеп, ертегі кейіпкелерін шақырып, балғындарға ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.

«Әскерилер балаларға спорттық жабдықтар мен тәттілерді сыйға тартты. 25 мамыр мен 1 маусым аралығында әскери қызметшілердің балалары арасында «Мен елімнің бақытты баласымын» атты байқау өткізілген болатын. Сол байқаудың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар гарнизон басшысының грамоталарымен марапатталды. Әскери қызметшілер қалашық аумағын тазартуға және абаттандыруға, ойын алаңын жаңартуға үнемі көмек көрсетіп тұрады. Әр мереке сайын балаларға экскурсиялар мен концерттер, сонымен қатар спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұның бәрі жақсы дәстүрге айналып, жылдан жылға жалғасуда» дейді Өскемен гарнизоны баспасөз қызметінің жетекшісі, капитан Нұржан Малгаждаров.

 ӨСКЕМЕН