• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Маусым, 2020

Нұр-Cұлтанда жеңіл атлетика аренасының құрылысы аяқталуға жақын

149 рет
көрсетілді

Елордада салынып жатқан жеңіл атлетика аренасының құрылысы аяқталуға жақын. Бұл туралы Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жаңа спорт кешен 7 мың көрерменге арналған. Қазақстанда жеңіл атлетика спортын дамыту мақсатында елорданың сол жағалауында бой көтереді.

«Астана арена», «Алау» мұз айдыны, «Барыс Арена», «Сарыарқа» және «Жекпе-жек» спорт сарайы сынды спорт нысандарының жанынан салынып жатыр.