• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Маусым, 2020

«Нұрлы жер» бағдарламасымен 330 мыңнан астам үй салынды

215 рет
көрсетілді

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов халық алдында есеп беру кездесуінде айтты.

- Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы жұмыс істеп жатыр. Соңғы 3 жылда бағдарлама шеңберінде 36,8 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 330 мыңнан астам тұрғын үй салынды. Бір тұрғынға тұрғын үйді іске қосу көрсеткіші 0,71 шаршы метрге жетті. Бұл ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш және дамыған елдер деңгейіне жақын. Былтыр 13,1 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй салынып, 116 мың отбасы баспана жағдайын жақсартты, - деді Бейбіт Атамқұлов.

Оның айтуынша, әлеуметтік осал жағдайдағы 11 мың отбасы және мегаполис-қалаларда жұмыс істейтін 3 мың жас әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етілген.

- 10 мыңға жуық отбасы қолжетімді бағамен әлеуметтік несиелік тұрғын үй сатып алды. «Бақытты отбасы» бағдарламасымен 5 мың отбасы тұрғын үй алды. Бұлар - көпбалалы, толық емес отбасылар және мүгедек балалары бар отбасылар. Биыл бұл бағыттарды іске асыру жалғасады. 15 млн шаршы метр тұрғын үй салу (150 мың тұрғын үй) және 39 мыңнан астам отбасын мемлекеттік қолдаумен қамтуды жоспарлануда, - деді министр.