Қазақстанда ағымдағы жылы Индустриялық-инновациялық дамудың үшінші бесжылдығы іске асырыла бастады, - деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың халық алдында есеп беру кездесуінен.
Екі бесжылдықтың тәжірибесі ескеріле отырып, бағдарламада негізгі жаңа тәсілдер көзделген.
Бірінші. Ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз етуге және экспортқа шығуға бағытталған өңдеуші сектордың тиімді кәсіпорындарына баса назар аударылды.
Екінші. Салалық қағидаттан орта және жоғары технологиялық күрделіктегі нақты басым тауарларды шығаруға көшу көзделген.
Үшінші. Бизнестің қарсы міндеттемелері мен жауапкершілігі анықталды.
Төртінші. Құнды құрудың жаһандық тізбегіне белсенді кірістіру жоспарлануда.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биыл индустриялық бағдарламаны өзектендіру бойынша жұмыс жүргізіледі.
Сондай-ақ, жыл соңына дейін «Өнеркәсіптік саясат туралы» заңының жобасына тұжырымдама жобасы әзірленеді.