• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 03 Маусым, 2020

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус жұқтырғандар саны 43-ке жетті

237 рет
көрсетілді

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Солтүстік Қазақстан облысында тағы 2 адамның індет жұқтырғанын хабарлады. 

Петропавл қаласында тұратын 1955 жылғы ер адам мен 1988 жылғы әйел адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Олар COVID-19-ға вирусты жұқтырған адаммен жақын қарым-қатынаста болуына байланысты тексерілген. Олардың да вирусты жұқтырғаны анықталғаннан кейін «Бірінші қалалық аурухана» ШЖҚ КМК жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылды. Клиникалық белгілері жоқ.

Бұл азаматтармен байланыста болған 7 адам анықталды. Эпидемиологиялық тергеу жұмыстары қолға алынған.

Өткен тәуліктегі жағдай бойынша СҚО аумағында COVID-19 вирусын жұқтырған жалпы 61 адам тіркелген, олардың ішінде 43 науқас сауығып шыққан.