• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Маусым, 2020

Тығырықтан алып шағар ілкімді жобалар керек

162 рет
көрсетілді

Әлемдік туризм қауымдастығы таратқан мәлімет бойынша қазіргі жағдайда қалталы демалушылардың таңдауы жиі түсетін шағын аралдардың 85%-ның шекарасы әлі де жабық. Сонымен қатар, Африка (74%), Солтүстік және Оңтүстік Америка (86%), Азия-Тынық мұхит аймағы (67%), Еуропа (74%) және Таяу Шығыс (69%) елдері туристерді қабылдауыға әлі дайын емес екені анықталып отыр.

Ал Қазақстанда 2020 жылдың 17-ші сәуірінен бастап 57 мемлекет үшін визасыз режім 1-ші қарашаға дейін енгізілді.  Сондай-ақ Қытай мен Үндістан үшін 72 сағаттық визасыз транзиттік режім енгізілген. Outfitter KZ директоры Азамат Мұхаметжановтың айтуынша, бұл шаралар ел аумағына кіретін туристер ағынын айтарлықтай азайтады.

̶ Консулдық алым 60 доллар. Алматы қаласына келетін турист бір тәулік ішінде 100 доллар жұмсайды. Бір апта ішінде 600-700 доллар кетеді. Кететін шығынның 10%-ын виза құрайды. Бұған ұшақпен келіп, қайту шығынын қосыңыз. Қазақстанмен бәсекелес ретінде  шетелдік туристер ағынын қабылдайтын Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстанда визалық режім жоқ, ̶  дейді Outfitter KZ директоры.

Аталған саланың сарапшылары туризмді тығырықтан алып шағар ілкімді жобалар керегін, ол мемлекеттің қолдауы арқылы жүзеге асатынын айтып, дабыл қағуда. Осыған орай, таяуда «Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясы биыл қандай жобалар іске асатынын мәлімдеген еді. Оның ішінде елде автомобиль саяхатын дамыту керектігі айтылған.

̶  Бұл бағытта дайындықты жетілдіріп, биыл керуенге арналған маршруттар мен автокемпингтерді түгендейміз. «Көшпенділердің заманауи керуен-экспедициясы» атты жоба еліміздің оңтүстік аймағында екі апта жалғасады. Экспедициядан кейін айнайы карта әзірленіп, оған автодомдар үшін қолайлы бағыттар мен тұрақтар енгіземіз. Көрші Қытай мен Ресейде автодомдар мен мотоциклдерде немесе автомобильдерде, джип-турларды қоса алғанда, саяхатқа сұраныс жоғары. Қызығушылық танытқандар ондаған млн адамды құрайды. ал Еуропада тек автокаравандар ғана шамамен 6 млн адам қызығушылық білдіреді, ̶  дейді «Kazakh Tourism» ҰК АҚ төрағасы Ержан Еркинбаев. Белгілі болғандай, туризм саласындағы сервисті анықтау үшін халықаралық тәжірибе негізінде жаңа модель енгізу жоспарлануда. Қарастырылып отырған модельдердің бірі Қытайда қолданылатын 5А жүйесі мен Испан моделі ̶ Qualidad. Айта кетерлігі, Kazakh Tourism биыл пандемияның белең алуына байланысты шетелдік ірі жобалар мен конкурстарға қатыса алмай, бөлінген қаражаттың 56 пайызын үнемдеп отыр.