• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Коронавирус 03 Маусым, 2020

Сақтық шараларын сақтау маңызды

861 рет
көрсетілді

Өткен аптада шекарасын ашып, қалыпты өмірге икемделе бастаған кейбір елдердің қуанышы көпке бармады. Коронавирус Латын Америкасы мен Таяу Шығыста қайта күшейіп, жаңадан 700 000 адам вирус жұқтырып үлгерді.

Өткен аптада Longwoods International жасаған зерттеуі бойынша америкалықтардың 82 пайызы алдағы 6 айда саяхатқа шығуға асықпайтыны белгілі болып отыр. Әлемдік туризмнің қалыпқа келуі пандемияның үдеу қарқынына байланысты болмақ.

Жаз маусымында Балқаш пен Алакөл, Бурабайға ағылатын қазақстандықтардың да қарасы қалыңдайды. Еліміздегі барлық демалыс орындары 18 мамырдан бастап ашыла бастаған болатын. Десе де, биылғы демалыста қауіпсіздік сақтау ережелерін қатаң сақтауға басымдық берілмек. Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің жетекшісі Марат Исмайловтың айтуынша, 3 маусымнан бастап емдеу-сауықтыру бағытындағы шипажайлар ашылады. Алакөлдің жағалауы 13 маусымнан бастап туристерді қабылдай бастайды.

̶ Коронавирус пандемиясына байланысты демалыс базаларының иелері және туроператорлармен санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді. Әлі де қауіп сейілген жоқ. Азаматтар өздерінің және жақындарының денсаулығы үшін барлық талаптарды сақтағаны дұрыс,  ̶  дейді Марат Исмаилов.

Оның айтуынша, биылғы жаз маусымында көпшілік орындарында демалатындар «сақтансаң сақтайтынын» естен шығармай, барлық талаптарды орындауға тиіспіз.