• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Маусым, 2020

«Елбасы Медалі» жобасына кімдер қатыса алады?

469 рет
көрсетілді

«Елбасы Академиясы» КҚ басшысының орынбасары Ануар Жангозин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте «Елбасы Медалі» жобасына кімдер қатыса алатынын айтты. 

- Бағдарламаға еліміздің кез келген аймағынан жасөспірімдер мен жастар қатыса алады. Яғни, шалғай елді мекендерді де қамтитын боламыз. Ең бастысы жас ерекшелігі 14-29 жас аралығында болуы керек. Біз еліміздің барлық облыстары мен қалаларында аймақтық ресурстық орталықтар мен тәлімгерлердің желісін құрып жатырмыз. Олар барлық қатысушыларға әдістемелік қолдау көрсетеді, - деді Ануар Жангозин.

Сондай-ақ ол бағдарламада ешқандай шектеудің жоқ екенін айтты. Қатысушылар өздері таңдаған сала бойынша қатыса алады.