• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Коронавирус 04 Маусым, 2020

Ақтөбе облысында тағы 4 адам вирус жұқтырды

77 рет
көрсетілді

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Ақтөбе облысында тағы 4 адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлады.

Белгілі болғандай, вирус жұқтырғандардың 3-еуі Ақтөбе қаласында, 1-еуі Шалқар ауданында тіркелген. 1976, 1985, 1989 жылдары туған 3 науқас ЖРВИ симптомдарының пайда болуына байланысты медициналық көмекке жүгінген кезде COVID-19-ға тексерілген, 1970 жылғы ер адам бұған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен байланыста болған. Барлығы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Олармен қарым-қатынаста болған адамдар медициналық бақылауға алынды. Эпидемиологиялық тергеу жұмыстары қолға алынған.

Өткен тәуліктегі жағдай бойынша Ақтөбе облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 367 адам тіркелген, олардың ішінде 196-сы жазылып шыққан.