• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 04 Маусым, 2020

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырғандар саны 400-ден асты

257 рет
көрсетілді

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Жамбыл облысында тағы 7 адамның індет жұқтырғанын хабарлады.  

- Облыс орталығында 1962, 1977, 1995, 1996 жылдары туған төрт адамда вирус анықталды, олардың үшеуі эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша анықталса, біреуі вирусты жұқтырған адаммен байланыста болған. Сондай-ақ Т. Рысқұлов атындағы ауданда бұған дейін вирусты жұқтырған науқаспен тығыз байланыста болған 1957, 1980, 1992 жылдары туған тұрғындар арасында коронавирус анықталды. Барлық науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді, олармен байланысқан адамдар карантинге бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекция жүргізілді, - делінген хабарламада.

Өткен тәуліктегі жағдай бойынша Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 405 адам тіркелді, олардың ішінде 209-ы жазылып шықты және дәрігерлердің бақылауында үй карантині талаптарын сақтап отыр.