Биылғы жылы қазақстандық «EURASIA INVEST LTD» зауыты Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен ҚХР Бас кеден басқармасының импорттаушылар тізіліміне енгізілді. Бұл қазақстандық өндірушілер үшін үлкен жетістік болып табылады, өйткені ҚХР нарығы біздің қазақстандық өндірушілер үшін күрделі, бірақ өте перспективалы және ауқымды болып саналады.