• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 04 Маусым, 2020

«ҚазМұнайГаз» қаржылық нәтижелерІн жариялады

446 рет
көрсетілді

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ», «Компания») тәуелсіз аудитордың аралық қаржы ақпаратын ауқымды тексерудің қорытындысы туралы есеппен бірге «Аралық қаржы есептілігі» 34-ші халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ХҚЕС) сәйкес әзірленген 2020 жылғы бірінші тоқсанның қысқартылған аралық шоғырландырылған қаржылық есептілігін жариялады, деп хабарлады қоғамның баспасөз қызметі.

2020 жылғы бірінші тоқсандағы негізгі қаржылық көрсеткіштері1:- EBITDA2 көрсеткіші 2019 жылғы бірінші тоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 43,7%-ға төмендеп, 275 млрд теңгені (702 млн АҚШ доллары) құрады;

- Бос ақша ағыны 3 26 млрд теңгені (66 млн АҚШ доллары) құрады;- 2020 жылғы 31 наурызда Компанияның таза қарызы 6 185 млн АҚШ долларын құрап, 2019 жылдың соңында 6171 млн АҚШ доллары деңгейіндегі көрсеткішпенсалыстырғанда еш өзгеріссіз қалды деуге болады.2020 жылғы бірінші тоқсандағы өндірістік нәтижелер:-  Мұнай мен газ конденсатын өндіру деңгейі 5 929 мың тоннаны құрап, 2019 жылғы бірінші тоқсандағы деңгеймен шамалас болды;- Мұнай мен газ тасымалдау сегменті салыстырмалы түрде тұрақты, 18 517 мың тонна мұнай мен 28 320 млн м3 газды құрады;

- Отандық және румын мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 4,9%-ға азайып, 4 660 мың тоннаны құрады.Егжей-тегжейлі ақпаратты 2020 жылғы бірінші тоқсандағы өндірістік нәтижелердің қорытындысы жөніндегі баспасөз хабарламасынан оқи аласыздар: http://ir.kmg.kz/ru.