• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 04 Маусым, 2020

Трамп бункерге түсу себебін түсіндірді

475 рет
көрсетілді

АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің жаппай наразылық кезінде демонстранттардан қорқып Ақ үй астындағы бункерге тығылғандығы туралы тарап кеткен хабардың жалғандығынайтты. Бұл жайында Трамп Fox News радиостанциясында мәлімдеді. «Мен онда күндіз, бункерді тексеру үшін түстім. Ал ол кезде жағдай тыныш болатын. Төменде бөгелгемін де жоқ. ол өте-өте қысқа уақытты қамтыды», - деп мәлімдеді Трамп.

Ол сондай-ақ Вашингтондағы қазіргі жағдайға көңілі толатындығын атап өткен.Мұның алдында АҚШ президентінің зайыбы Мелани Трамп және баласы Бэрронмен бірге наразылық өршіп тұрған кезде бункерге түскендігі туралы  хабарды New York Times газеті 30 мамыр күні жариялаған болатын. Басылымның атап өткеніндей, 29 мамыр күні кешке демонстранттар Ақ үй қақпасының алдындағы темір баррикаданы қозғай бастаған кезде президент бункерге түсірілген. Хабарда президенттің сасқалақтап қалғаны айтылған.Өз кезегінде CNN телеарнасы Трамптың бункерде бір сағатқа жуық уақыт бойы болғандығын хабарлаған еді.