• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Маусым, 2020

Маңғыстау облысында 9500 тұрғын үй салынады

80 рет
көрсетілді

Маңғыстау облысында биыл қаржыландырудың барлық көздері есебінен 1 071 мың шаршы метр немесе 9500 тұрғын үй салу міндеті тұр, - деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Биылғы І тоқсанда салаға 22,4 млрд. теңге инвестиция бағытталған. Бұл -  өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3% көп қаражат. Осы кезеңде  жалпы ауданы 349,4 мың шаршы метр болатын 2422 тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның ішінде – 1594 жеке үй.

Жалпы биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Маңғыстау облысында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысына 15,1 млрд. теңгеге 19 жоба іске асырылып, 973 адам жұмыспен қамтылады.

Кредиттік және жалға берілетін 1314 пәтердіпайдалануға беру жоспарланып отыр.

Оның ішінде сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысына 5 жобаны іске асыру үшін 2,9 млрд. теңге қарастырылған. І тоқсанда бұл мақсатқа 276,5 млн. теңге аударылып, ол толықтай игерілген. Жыл соңына дейін жалпы ауданы 23,4 мың шаршы метр болатын 419 жалға берілетін пәтер пайдалануға беріледі. Халықтың аз қамтылған әлеуметтік топтарына, көп балалы отбасыларға берілетін ол баспаналардың құрылысына 402 адам жұмысқа тартылады. 

Ал кредиттік тұрғын үй құрылысына 4 жобаны іске асыру үшін 9 млрд. теңге қарастырылған. Оған 50,2 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 895 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. Ол жобаларды іске асыру үшін 385 адам жұмыспен қамтылады. 

Бұдан басқа, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2%-бен несие берілетін «Бақытты отбасы» бағдарламасын жүзеге асыруға биыл республикалық бюджеттен 163 тұрғын үй қарызына 1,6 млрд. теңге қарастырылып отыр.

Облыста тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуге 10 жоба іске асырылады. Ол мақсатқа 3,2 млрд. теңге бөлінеді. Аталған жобалар бойынша 186 жұмыс орны ашылады.