ҰБТ Шымкентте 20 маусым мен 5 шілде аралығында бас санитар бекіткен қаулығы сәйкес жүргізіледі. Тест өткізу пунктінің аумағында ата-аналардың, мұғалім және басқа адамдардың болуына рұқсат берілмейді. Әр аудиториядан онлайн трансляция жүргізіледі.
ҰБТ-ға кіргізу баррикадты ленталар арқылы 2 метр қашықтықты сақтай отырып, жүргізіледі. Ал аудиториядағы тестіленушілердің саны 50%-ға қысқартылды, олардың арасында кемінде 2 метр қашықтық сақталады.
Сонымен қатар коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің алдын алу мақсатында түлектер тоннель арқылы өтіп, аяқ-киімдері арнайы кілемшемен өңделеді.Қолдары санитайзермен өңделіп,дене қызуы өлшенеді және барлығы маскамен қамтамасыз етіледі. Ол үшін 10 000 дана бетперде мен 10 000 дана қолғап тегін таратылады.
Сонымен қатар, қала тұрғындары және ата-аналарға талапкерлердің Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыру барысын бақылау үшін интернет желісі арқылы онлайн көрсетілім ұйымдастырылады.
ҰБТ-ға мектеп бітіруші талапкерлердің өмір қауіпсіздігі, жолда жүру ережелерін, санитарлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып, тестілеу пунктіне уақытылы баруы жергілікті атқарушы органдар тарапынан бақылауға алынған.
Шымкент