• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Маусым, 2020

Жамбылда 383 түлек «Алтын белгі», 366 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды

677 рет
көрсетілді

Биылғы жыл мектеп түлектері үшін есте қалатын ерекше жыл болды. Бүгін Жамбыл облысындағы барлық білім беру ошақтарында күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен, бекітілген тәртіпте мектеп түлектеріне салтанатты түрде аттестат тапсыру рәсімі өтті. Сонымен қатар өңірдегі барлық мектепте соңғы қоңырау соғылды.

Биыл Жамбыл облысы бойынша 9171 түлек мектеп бітіріп отыр. Сондай-ақ 383 мектеп түлегі «Алтын белгі» және 366 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды. Мерекелік шара тиісті мектеп қабырғасында, ашық аспан астында өтті.

Жиын тек мектеп бітірушілер мен ата-аналардың қатысуымен ғана және барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылды. Қатысушы түлектер арасында арақашықтық, маскалық режим және қатысушылар санын шектеу талаптары да сақталды. Сонымен қатар түлектерге мектеп бітіру кештерін мейрамханалар мен көңіл көтеру орындарында тойлауға тыйым салынған. Бұдан бөлек, оларға салтанатты жиынға ивент-агенттіктерді, аниматорларды шақыруға, автокөліктерді жалға алып, қала ішінде қыдыруға рұқсат етілмейді.

 

Жамбыл облысы