• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Маусым, 2020

Атырау: Мұнай компаниясынан 1 млрд 281 млн теңге өндірілді

330 рет
көрсетілді

«Қара алтын» өндіретін отандық кәсіпорын 1,3 млн текше метр газды ауаға заңсыз жағып, қоршаған ортаны бүлдіріпті.  

–«Ембімұнайгаз» АҚ-ның қондырғыларындағы факельдерде 1,3 млн текше метрден астам газды заңсыз жаққаны анықталды. Газ құрамында күкірттің құрамы көп болған. Прокурорлық қадағалау іс-шарасының  нәтижесінде өкілетті органмен мемлекет пайдасына қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін 1 млрд 281 млн теңге өндірілді, - деді Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі Қанат Қабдолов.

Оның айтуынша, сонымен бірге, «KMG Nabors Drilling Company» ЖШС-нен өкілетті органмен қоршаған ортаға рұқсат етілмеген эмиссия үшін салықтық төлем ретінде 153,1 млн теңге өндіріліп отыр.

 

Атырау