Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте қажет болған жағдайда елімізде жаңа карантиндік шаралар енгізілуі мүмкін екенін айтты.
- Белгілі бір аймақтарда өсім бар. Бұл мемлекеттің, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ азаматтардың өздерінің жауапкершілігі. Біз санитарлық қызмет ретінде азаматтарымыздың денсаулығы мен өмірін қорғауға шақырдық, қажет болған жағдайда жаңа карантиндік шараларды күшейтуге және енгізуге құқымыз бар, - деді Денсаулық сақтау министрі.