• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Маусым, 2020

Атырау: Үй қамаққа қамалған қыз

637 рет
көрсетілді

Өзгенің затына, ақшаға қол сұғу  да –қылмыс. Бұл жас та, жыныс та таңдамайды. Әлеуметтік желіде азық-түлік дүкенінің кассасына қол сұққан қыз туралы видео жарияланған еді.

Бұл деректің Атырауда болғанын облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі  растап отыр.

– Атырау қалалық полиция басқармасы бірнеше рет ұрлық жасаған  2003 жылы туған қызға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру шарасын жүргізіп жатыр. Жасөспірімнің кәмелетке толмағанын ескерген Атырау қалалық мамандандырылған соты оны үй қамаққа алуға санкция берді, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.