Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы Мемлекеттік Рәміздерінің бірі Елтаңбаның авторы, сәулетші Жандарбек Мәлібековпен «Мемлекеттік Елтаңба және Ұлттық архитектура хақында» атты онлайн кездесу өткізді.
Қазақстан рәміздері қадірлі де, қасиетті ұғым. 1991 жылы Тәуелсіздік алғаннан кейін, 1992 жылы 4 маусым күні Елбасының тапсырмасымен біздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз қабылданды. Бұл күнді біздің ата-бабаларымыз, Алаш арыстары да аңсаған.
Яғни, тұлпарды да осыған байланыстырды. «Ер қанаты-ат» демекші, тұлпарсыз бұл қалыптаспас еді. Ол да біздің тарих, мәдениет. Елтаңбаның ішіне көптеген тарихи, маңызды нәрселер кірген. Сондай-ақ оған өзгертулер де енгізілген. 2019 жылы «Қазақстан» сөзі латын әліпбиіне алмастырылған. Бұл нұсқа заңмен бекітілген. Және де елтаңбада 40 тан астам элемент деталь бар. Осыған байланысты қазақ, орыс, ағылшын тілінде кітап шығарылған.Ұлы даланың мәдениетіне көңіл бөлу қажет. Тәуелсіздігіміздің тірегі болу үшін жақсы оқып, жақсы тәрбие алып, рәміздерді сыйлауымыз, насихаттауымыз керек.
Жандарбек Мәлібеков елтаңбадағы элементтердің жасалуы жөнінде былай дейді:
Оған зерттеу жасай келе, қазақ халқы ереккиіз үймен, тұлпармен, қошқар мүйізбен, қолтаңбалы өнермен өлшенгендігіне назар аудардым. Бұл үлкен еңбекпен келген жұмыс.
Ал архитектор болуға не себеп болғандығына да өз ойын білдірді.
- Архитектор болу үшін мен өзімнің икемім бар екенін сездім. Суретті күні-түні салып, сол еңбектің арқасында келдім деп ойлаймын. Оқуға түскеннен кейін, бұл салаға қызығушылығым одан сайын арта түсті, жақсы көріп кеттім. Бір жағынан ойлау қабілетім, екінші жағынан салыстыра білесіз. Көптеген халықаралық конкурстарға қатыстым. Себебі әрбір конкурс шыңдай түседі, солай архитектор болып қалыптастым деп ойлаймын. 3 жылдан бері киіз үй жайлы ғылыми жұмыстар жасап жатырмын. Зерттеулер нәтижесінде іске асуда. Мақсатым әрбір қазақтың үйінде бір-бір киіз уй болу керек. Неге десеңіз, ол киіз үй біз айтып отырған жас кезден тәрбиелейтін орталыққа айналып отыр. Соның ішінде ақсақал, әже отыруы керек. Ол халқымыздың мақтанышы болып қана қоймай әрі дүниежүзі қазақ халқын үлгі тұту керек. Киіз үй өте күрделі құрылыс, дегенмен біз оны жасап құруымыз керек. Көк байрағымыз желбірей берсін, Елтаңбамыздың жұлдызы жана берсін, Әнұран әр кезде асқақтай берсін, - деді ол.