• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Маусым, 2020

Абай мерейтойының халықаралық тұсаукесері өтеді - министр

345 рет
көрсетілді

Абай философиясы біздің мәдени және ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігіне айналды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова хабарлады.

«Мемлекет басшысы атап өткендей, мерейтойдың күн тәртібі тұжырымдамалық тұрғыдан елде және шетелде Абай тұлғасының жаһандық ауқымын кеңінен танымал етуге арналған идеологиялық-мазмұнды және сапалы іс-шараларды өткізуге негізделетін болады. Бұл ретте биылғы жылы атап өтілетін маңызды іс-шаралар барысында ысырапшылдық пен науқаншылдыққа жол берілмейтіндігіне баса назар аударғым келеді», - деді министр А. Райымқұлова.

Оның айтуынша, Абайдың мұражай-үйінде, Жидебайдағы «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінде ғылыми-реставрациялау жұмыстары жүргізілуде, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығын толыққанды ғылыми-зерттеу орталығы етіп қайта құру тұжырымдамасы әзірленді.

«Жалпы, Шығыс Қазақстан облысындағы 18 объектіде жұмыстар жүргізілуде. Абай шығармашылығын насихаттау мақсатында елде және шетелде оның еңбектері әлемнің 8 шет тіліне аударылып, басылып шығарылады. Прагада Абайдың мәдени-ақпараттық орталығы ашылды, Братислава, Будапешт, Берлин қалаларында «Абай оқулары», көрмелер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Нұр-Сұлтан қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің базасында «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институты құрылды», - деді министр.

Сондай-ақ министр мерейтойдың халықаралық тұсаукесері қашан өтетінін айтты.

«Мерейтойдың негізгі шараларын қыркүйек айында Шығыс Қазақстан облысында өткізу жоспраланып отыр. Ағымдағы жылдың қазан айында Париждегі ЮНЕСКО-ның Штаб-пәтерінде Абай мерейтойының халықаралық тұсаукесері өтеді», - деді министр.