• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Маусым, 2020

Атырауда саябақтар мен алаңға бару шектелді

352 рет
көрсетілді

Бүгін мұндай шектеу көрсетілген қаулыға Атырау қаласының бас санитарлық дәрігері Қанат Ғайнеденов қол қойды. 

– Атырау қаласында эпидемиологиялық  ахуал толық тұрақтанғанға дейін карантиндік шектеу іс-шарасы сақталсын. Исатай-Махамбет орталық алаңына, «Жеңіс» және Ретро-саябаққа  баруға, бұқаралық, спорттық,  отбасылық, соның ішінде еске алу шараларын өткізуге тиым салынсын. Театрлар мен кинотеатрлар, көрмелер, ойын және түнгі клубтарының жұмысына тиым салынады, - делінген қаулыда.