• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Маусым, 2020

Тұрғындардың 35 пайызы медициналық оңалтудан өтті

320 рет
көрсетілді

МӘМС жүйесіндегі медициналық оңалту және қалпына келтіру емінің көлемі 1 тоқсанда 6,2 млрд теңгеге дейін өсті. 2020 жылдың 1 - тоқсанының қорытындысы бойынша қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту көлемі өсті: егер өткен жылдың бірінші тоқсанында медициналық көмектің бұл түрін 23,3 мың адам алса, биылғы жылы - 31,5 мың адам алды, деп хабарлайды «ӘМСҚ» КЕАҚ баспасөз қызметі.

Ең бастысы неврология - 36% (инсульт), жалпы бейіндегі - 28% және травматология және кардиология - тиісінше 10% - дан науқастанған қазақстандықтар оңалтудан және қалпына келтіру емінен өтті. Сондай-ақ емделушілер ортопедия, нейрохирургия және тағы басқа бағыттар бойынша ем алды.

Бұл ретте төтенше жағдай режимі медициналық көмектің осы түрін тұтыну көлеміне әсер етті. Сәуір айында медреабилитация көлемі екі есе - 5,2 мың адамға дейін төмендеді, ал бірінші тоқсан бойынша орташа көрсеткіш – 10 мыңнан астам адам.