• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Маусым, 2020

«Жеңіс Жаңғырығы» жобасы іске қосылды

597 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Жеңістің 75 жылдығына арналған қашықтан өткізілетін «Жеңіс Жаңғырығы» жобасын іске қосты. Жобаның аясында 175 сақтау бірлігі, оның ішінде  11 хат,  69 фотосурет пен  95 құжат келіп түсті.

Жобаның нысаны -Ұлы Отан соғысы жылдары жазылған хаттар, соғысқа қатысушының сондай-ақ, соғыс қимылдарын бейнелейтін фотосуреттер. Назарларыңызға  «Жеңіс жаңғырығы» жобасы аясында келіп түскен соғысқа қатысушылардың хаттары мен фотосуреттерін ұсынамыз.

Соғыс туралы естеліктің ең бейнелі түрі – сарғайған солдат хаттары. Майданның  отты кезеңіне шарпылған жауынгердің  майданнан жазған хаттары - сұрапыл сұм соғыстың ауыр тынысын сездіреді. Сарғайған сағынышқа толы хаттарда: соғыс туралы әңгіме мен өлеңдер, фотосуреттер көрініс тауып, жақынының жанына жылулық ұялататын жылы сөздер жазылды,  ең бастысы-өмірге деген құлшыныс сезілді.

Мәселен, мын хат жолдары  қан майданда із-түссіз хабарсыз кеткен Хакимов Юсуфқа тиесілі

Взошло солнце, бросая свои лучи из-за гор на ровную гладь спокойного озера. Над озером летают белые чайки, на берегу бродят аисты.

Здравствуй, моя подружечка-Ася.....о,сколько радости нам принесет наша встреча! Но, увы! О ней сейчас только приходится мечтать, когда она придет неизвестно. Известно, Асенька, только то, что я как сын своей Родины, должен буду столкнуться с до зубов вооруженным противником. Это освободительная война будет решать нашу судьбу с тобой и судьбу народов нашего социалистического государства. Я должен идти в бой. Я этого не страшусь, я- сын честного трудового народа. Мне, в основном, жалко Асенька, тебя, мою близкую подругу. Пусть мы сейчас в разлуке, но придет, может быть время  нашей встречи..... До свидания, Асенка, твой Иосиф. 19 мая 1941 года.

Акция аясында хаттармен бірге  соғысқа қатысушылардың  фотосуреттері мен марапат қағаздары да келіп түсті.

Ақмал Қыстаубаев (1915-1954)

1917 жылы туған. 1941 жылы Семей облысы, Жаңа Семей әскери комиссариатынан әскер қатарына шақырылып, соғысқа аттанады.  Гвардия аға сержанты Ақмал Қыстаубаев көрсеткен ерліктері үшін:

- «Қызыл Жұлдыз»,

-«III дәрежелі Даңқ», 

-«II дәрежелі Ұлы Отан соғысы» ордендерімен, және

-«Ерлігі үшін»

-«Жапон соғысында жеңіске жеткені үшін»,

-«Будапештті алғаны үшін»,  

-«Праганы азат еткені үшін» жауынгерлік медальдарымен марапатталды. «Үздік жүргізуші» белгісі  мен И.В. Сталиннің қолынан мақтау қағазын алады.

Ақмал Қыстаубаев 1945  жылы соғыстан туған жеріне  аман-есен оралады.

Назаренко Иван Иванович

(1911- 1978)

Назаренко Иван Иванович 1911 жылдың  7 шілдесінде ескі Макинка ауылында дүниеге келген.  (кейіннен Көкшетау облысы, Еңбекшілдер ауданы, Прогресс совхозы) Соғысқа дейін Макинка ауылында тракторшы-машинист болып жұмыс істеп, 1941жылдың маусымында соғысқа аттанады. Неміс басқыншыларынан Европаны, оның ішінде Болгарияны  азат ету, Берлинге шабуыл жасау сияқты соғыс қимылдарына қатысады.  Соғыс аяқталған соң туған жеріне оралып, «Прогресс» совхозында механизатор болып жұмыс істейді, алты бала өсіріп1978 жылы 67 жасында қайтыс болады.

 Иван Иванович  Назаренко  қан майданда ерлігімен көзге түсіп: 

-«Ерлігі үшін», 

-«Берлинді алғаны үшін»,

-«1941-1945 жж Ұлы  Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» жауынгерлік медальдарымен марапатталады.

«Жеңіс жаңғырығы» жобасының жылдың соңына дейін жалғасатындығын және кез келген тұлғаның қатысып, өз жақындарының хаттары мен фотосуреттерін жібере алатындығын естеріңізге саламыз.

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды.