Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы өткізген екінші питчингтің нәтижесі белгілі болды, - деп хабарлайды аталған орталықтың баспасөз қызметі.
Ең ірі бенефициар ретінде «Қазақфильм» киностудиясы танылып отыр. Киностудия жалпы сомасы бір миллиард теңгеге жуық он үш жобаға қолдау көрсетпек. Сараптамалық кеңес пен ведомствоаралық комиссия отырыстарының қорытындысы бойынша төмендегі фильмдерді қаржыландыру мақұлданған. Атап айтқанда «Алтын Адам», «Серикбол Кондыбай: воин духа», «Өліара», «Көше ақыны», «Рух», «Граната», «Касым Джакибаев», «Таутай-лақ», «Горячее озеро», «Самый долгий день лета», «Возвращения моря», «Природа Казахстана: Устюртский заповедник» және «Номады ХХІ века» фильмдерін киностудия қаржыландырады.
Екінші питчинг нәтижесінде қаржыландыруға мақұлданған тағы 29 фильм жеке студиялардың күшімен түсіріледі. Оларды жүзеге асыру үшін бес миллиардқа жуық қаржы бөлінбек. Жалпы, осы жолы Ұлттық киноны қолдау орталығы өткізген конкурста 42 жобаның жолы болды. Бәйгеге 223 жоба қатысқан еді.