• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Маусым, 2020

Кәсіподақтар Федерациясының басшысы кәсіпорындағы жағдаймен танысты

367 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин «Қазақстан Paramount Engineering» ЖШС-де болып, жұмыс орындарын көріп, кәсіпорын жұмысшыларымен сөйлесіп, ұжымдық шартпен (жұмыс берушінің әлеуметтік міндеттемелерін орындау), сондай-ақ өндіріс процесіндегі қауіпсіздік (жұмысшылардыЖҚҚ қамтамасыз ету) және еңбекті қорғау шараларымен танысты.

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС (KPI ЖШС) -  мемлекет пен арнайы күштердің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге арналған заманауи броньды дөгелекті машина (бұдан әрі - БДМ) шығаратын Орталық Азиядағы ең ірі кәсіпорын.  Зауыт жыл сайын 120 вагон шығарады. «KPI» ЖШС бас директоры Ербол Сәлімовтің айтуынша, жұмысшылардың жалпы саны 250 адам, олардың барлығы кәсіподақ ұйымының мүшелері.

ҚРКФ төрағасы іссапардың мақсаты туралы айта келе, сәуір айының соңынан бастап жүздеген қазақстандық кәсіпорындар қалыпты өндіріс процесіне оралды және осыған байланысты әлеуметтік әріптестер алдында жұмысшыларды қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз ету бойынша жауапты міндеттер тұрғанын атап өтті.

«Пандемия қауіпсіздік - өндірістің қалыпты жұмысының негізгі факторларының бірі екендігін көрсетті. Бүгінгі таңда жұмыс берушілер мен жұмысшылардың бірлесе әрекет етуі маңызды. Жұмыс берушілер мен жұмысшылардың өздері де жұмыс орнына аурудан аман-есен оралуды қамтамасыз етуде басты рөл ойнап, коронавирустық инфекцияның таралуын тоқтатуда қол жеткізілген нәтижелерді күшейтулері қажет.   Қауіпсіз еңбек жағдайлары қамтамасыз етілмеген жерде адам денсаулығына және бизнестің тұрақтылығына қауіп төнеді», - деді ҚРКФ төрағасы.

«KPI» ЖШС бас директоры Ербол Сәлімов кәсіпорындағы әлеуметтік және еңбек қатынастары туралы айта отырып, Қазақстанда екі айға созылған төтенше жағдай кезінде зауыт ұжымы толықтай 100% жалақысы сақталатын демалысқа жіберілгенін атап өтті.

«Кәсіпорын қайта іске қосылғаннан кейін біз ұжымдық келісім бойынша барлық цехтардың жұмысшыларына күніне үш рет тегін тамақ беруді жалғастырдық. Барлық санитарлық нормалар сақталған.  Атап айтқанда, кіреберістегі дезинфекциялау туннелінен бастап, міндетті түрде медициналық орталыққа бару және медициналық маска мен  қолғап  алу,  өндірістік процес барысында әлеуметтік қашықтықты сақтау және барлық жерде санитарлық тазартқыштар орнатылған.  Машиналарды қайта өңдеу және дезинфекциялау жұмыстары да арнайы кесте бойынша жүргізілуде», - деді Ербол Сәлімов.