• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Маусым, 2020

Павлодар: Өрт сөндірушілер балалар алаңын жасады

623 рет
көрсетілді

1 маусым Балаларды қорғау күні Ертіс ауданы Төтенше жағдай бөлімі мен № 9-шы өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері балаларға спорт алаңын сыйлады. Балалар алаңшасы Қажымұқан және Бурягина көшелерінің қиылысында орналасты.

-Біздің қызметкерлер балаларға әрдайым сыйлық табыс етіп, әр түрлі іс-шаралар мен эксурсияларды ұйымдастырды,-дейді аудандық ТЖ бөлімінің бастығы Қуат Асылханов. -Балалар алаңшасындағы барлық құралдарды қызметкерлер қолдағы бар материалдардан өз қолдарымен жасады, жартысын үйлерінен әкелді.

Ал, «Огонек» балалар алаңы футбол және волейбол алаңдарымен, стритбол алаңқайымен жабдықталған.

Кішкентай балақайларға әткеншектер, турниктер, жүгіру тренажерлары мен құммен ойнайтын орындар белгіленген.

Ауыл тұрғындары Чубан, Кириченко отбасылары абаттандыруға  жақсы көмек көрсетті.

Жергілікті кәсіпкер Александр Шандоновин болса, өзінің жүк көлігімен ойын алаңына қажетті өзен құмын әкелді.

Ал, «Азимут» дүкенінің қожайындары алаңның мерекелік рәсімделуін ұйымдастырып, балаларға тәтті сыйлықтарды әзірледі.

Енді ТЖ бөлімі мен өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері балалар алаңында өртке қарсы тақырыптағы мен судағы қауіпсіздік шараларына арналған түрлі-түсті плакаттарды орналастыруды жоспарлауда.

Бөлім және өрт сөндіру бөлімінің басшылары осы алаңшаға  жыл сайын қызмет көрсету және ауыл балалары үшін спорт және ойын тренажерларын  орнату міндеттерін алды.

 

Павлодар облысы

Ертіс ауданы