• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Маусым, 2020

Шымкентте 14 жасқа дейінгі үш балаға COVID-19 диагнозы қойылды

185 рет
көрсетілді

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 1957, 1964, 1978, 1989,1990 жылдары туған әйел адамдарға, 1955, 1998 жылдары туған ер азаматтарға және 14 жасқа дейінгі 3 балаға COVID-19 диагнозы қойылды. Олардың барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.Ауру ошақтарында дезинфекция жүргізіліп жатыр.06.06.2020 ж. жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясымен жалпы 942 адам тіркелген, олардың ішінде 412-сі жазылып шыққан.