• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Коронавирус 08 Маусым, 2020

Павлодар облысында тағы 11 адам індет жұқтырған

398 рет
көрсетілді

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Павлодар облысында тағы 11 адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлады.

COVID-19 вирусы 1959, 1971, 1988, 1992 жылдары туған әйел адамдардан және 1957, 1960, 1964, 1975, 1983, 1986, 1995 жылдары туған ер адамдарда анықталды. Олардың төртеуі — Екібастұз қаласының, алтауы Павлодардың, біреуі Павлодар ауданының Ново-Ямышево ауылының тұрғыны.

Аталған науқастар дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, жөтел белгілерімен медициналық көмекке жүгінген, екеуі бұған дейін коронавируспен ауырып қалған адаммен байланыста болған. 63 жастағы ер адам жүректің ишемиялық ауруымен, 2 дәрежедегі қант диабетімен есепте тұр. Барлық жағдайда пациенттерден ПТР-зерттеу нәтижелері COVID-19 вирусынн анықтады.

Пациенттер Павлодар және Екібастұз қалаларының жұқпалы аурулар стационарларына жатқызылды. Хаттамаға сәйкес ем тағайындалды. Олармен байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталды. ҰСО филиалының мамандары пәтерлерде, кіреберістерде, жұмыс орындарында, стационарда дезинфекция жасады. Өңірде эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған. Өткен тәуліктегі жағдай бойынша Павлодар облысында коронавирус инфекциясымен жалпы 268 адам тіркелген, олардың 170-і жазылып шыққан.