• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Экономика 08 Маусым, 2020

Мамыр айында Қазақстанда инфляция қанша пайызға өскен?

189 рет
көрсетілді

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов халық алдында есеп беру кездесуінде Қазақстанда инфляция мамыр айында 6,7 пайызға дейін өскенін хабарлады.

«Жалпы әлемдік экономикада осы жылдың басынан бері карантиндік шаралар аясында іскерлік белсенділіктің төмендеуі байқалады. Сондай-ақ негізгі биржалық тауарларға конъюнктураның төмендеуі болды», - деді Руслан Дәленов.

Оның айтуынша, 2020 жылдың соңғы 4 айының қорытындысы бойынша елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ІЖӨ 0,2 пайызға төмендеді.

«Тауар өндірісі 5,8 пайызға өсті. Сонымен қатар қызметтер өндірісі 4 пайызға қысқарды. Нәтижесінде ІЖӨ 0,2 пайызға төмендеді. Мамыр айында жылдық инфляция 6,7 пайызға жетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі нақты мәнде 0,9 пайызды құрады. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен төмен. Дегенмен, оң өсім сақталады», - деді министр.