• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Маусым, 2020

Мамыр айында ХҚО-да ең көп берілген құжаттар қандай?

218 рет
көрсетілді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта жанданғаннан кейінгі көп сұратылған мемлекеттік қызметтердің рейтингін жасады.
Азаматтар мамыр айында ХҚО-тары ашылғаннан кейін көбіне жеке куәлік пен паспорт алу үшін жүгінген. Алдын ала есептеулер бойынша 5 мыңға жуық азамат жеке басын куәландыратын құжатын жаңартқан.   Екінші орында автокөлікті қайта тіркеу қызметі. Мамырда автокөлік иелері Шымкенттегі мамандандырылған ХҚО-тарында 20 мыңнан астам көлікті қайта тіркеген.   ХҚО-ының ашылуын жылжымайтын мүлік иелері де күтті. Азаматтар жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу қызметі үшін ХҚО-ына 2 мыңнан астам рет жүгінген.   Төртінші орында жүргізуші куәліктерін ауыстыру және беру қызметі. Мамыр айында 6 мыңға жуық құжат рәсімделген.   Карантиннен кейінгі сұранысқа ие бесінші қызмет – әлеуметтік қауіп-қатер жағдайында әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау қызметі. Бұл негізінен жүктілік және босануға байланысты берілетін төлем. Оны 5 мыңнан астам жүкті әйел алған.   Шымкент қаласындағы ХҚО-ның жұмысы қайта жанданғаннан бері 44 мыңға жуық мемлекеттік қызмет көрсетілді.   Естеріңізге сала кетейік, төтенше жағдай режимі алынып тасталғаннан кейін ХҚО ғимараттарында азаматтардың жиналуын және қызмет алушылардың вирусты жұқтыру жағдайларын болдырмау үшін ХҚО egov.kz порталында қолжетімсіз және тек алдын ала брондау арқылы «қағаз» жүзінде көрсетілетін қызметтерді (106 мемлекеттік қызмет) ғана ұсынады.    ХҚО-ына кезекті egov.kz  порталы, eGovKzBot2.0 телеграм-боты немесе 1414 байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы брондауға болады.