• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Маусым, 2020

Мағзұм Мырзағалиев халық алдында есеп береді

683 рет
көрсетілді

10 маусымда сағат 15.00-де ҚР Президентінің Орталық коммуникациялар орталығында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің халыққа есеп беру кездесуі өтеді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Карантин режимін сақтау мақсатында есеп беру кездесуі ҚР Президентінің Орталық коммуникациялар орталығы мен Министрліктің Facebook және YouTube желілерінде тікелей эфирде трансцляцияланып, алғаш рет онлайн форматта өтеді.

Сіз сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды келесі байланыс арналарын пайдалана отырып жолдай аласыз:

- «Ашық диалог» порталындағы министрдің блогы;

- +7 701 847 28 53  WhatsApp нөмірі ;

- электрондық мекенжай: surak@ecogeo.gov.kz.

Азаматтарды белсенді қатысуға және Министрге сұрақ қоюға шақырамыз, делінген хабарламада.