
Қауіпті індетті жеңіп шыққандардың ішінде 80 жастағы әжей бар. Дәрігерлер қарт кісіден коронавирус инфекциясын дер кезінде анықтаған. Нәтижесінде әжейді емдеу кезінде асқынулар болмады дейді дәрігерлер.
Сондай-ақ медицина мамандары 7 айлық жүктілік кезеңіндегі әйелден коронавирус инфекциясын анықтап, емдеу шараларын жүргізді. Екі аптаға жуық дәрігерлердің бақылауында болған аяғы ауыр әйелдің денсаулық жағдайы жақсарып, 7 маусым күні ауруханадан шығарылды.
Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 420 науқас дертінен айығып шықты.