Қырғыз тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбековпен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Әңгіме барысында екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелері талқыланды. Шекаралық ынтымақтастықты дамыту перспективаларына, оның ішінде екі елдің мемлекеттік шекарасы арқылы жүк автокөлігінен өту мәселелеріне ерекше назар аударылды.Тараптар өзара құрмет, достық және тату көршілік рухында көпжоспарлы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға Нұр-Сұлтан мен Бішкектің екіжақты ұмтылысын қуаттады.