• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
Оқиға 09 Маусым, 2020

Парасат тақырыбындағы мурал

454 рет
көрсетілді

Алматыда Әл-Фараби даңғылы бойында (Меңдіқұлов пен Достық көшелерінің арасында) «Алматы – адалдық алаңы» аясында «Өз еліңді бұзба» муралы салынды. Бұл композиция азаматтарды адамгершілікке тәрбиелеуге, адалдық, әділеттілік қағидаларын сіңіруге арналған.

Муралдың тұсаукесеріне Сы­бай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қи­мыл агенттігінің төрағасы Алик Шпек­баев қатысты. Ол: «Жұмысты алдын алуға және парасаттылық жүйесін ілгерілетуге, адал және пара­сатты ұрпақ тәрбиелеуге, ха­лық­пен тұрақты кері байланыс орнатуға бағыттау керек. Аза­мат­тарды тыңдап, оған құлақ асып, кез келген мәселеге жедел ден қою қажет»,  деп жобаның маңыз­дылығын атап өтті.

«Мұндай іс-шаралар халықтың санасын өзгертуге, сыбайлас жем­қорлыққа қарсы мәдениетті қалып­тастыруға, адамгершілігі мол ұрпақ тәр­биелеуге арналған», деді қала­лық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Нығмеджан Сапаров.

Әр қазақстандықтың құқық бұзу­шылық пен сыбайлас жемқор­лыққа қарсы іс-қимыл аясында  өзі­нің белсенділігін танытуы елдегі жағ­­дайды жақсартуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.