• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Әлем 09 Маусым, 2020

Жаңа Зеландияда карантин режимі жеңілдетілді

276 рет
көрсетілді

Жаңа Зеландияның премьер-министрі Джасинда Ардерн 9 маусымнан бастап елде коронавирусқа қатысты карантиндік шаралар жеңілдейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды TASS.RU.

"Осыдан 75 күн бұрын елде коронавирус пандемиясына байланысты сақтық шаралары күшейтілген еді. Біз қазір карантин режимінің алғашқы деңгейіне көшуге дайынбыз. Бүгінде елімізде індет жұқтырғандар жоқ. Бірақ індет қаупі әлі де толығымен сейілді деп айта алмаймыз. Сондықтан кез келген нәрсеге дайын болуымыз керек", - деді Джасинда Ардерн.

Оның айтуынша, сақтық шараларының жаңа деңгейіне өту кезінде қоғамдық көліктердегі, тамақтану орындарындағы және басқа да адам көп шоғырланатын орындарда шектеулер алынады. Қонақүйлер, мешіттер мен шіркеулер, спорттық кешендер бұрынғы жұмыс қалпына қайта оралады.

Елге шетелден келушілерге ереже біршама жеңілдейді. Алайда премьер-министрдің айтуынша, қонақтар саны айтарлықтай көп болмайды. Өйткені әр рұқсат жеке қарастырылатын болады, әсіресе, елге "гуманитарлық себептермен" кіретіндерге артықшылық беріледі.