• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Руханият 09 Маусым, 2020

"Балалар жүрекпен үн қатады" байқауы жалғасып жатыр

212 рет
көрсетілді

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы отансүйгіштік пен ұлттық тәрбие беруге бағыттап,  жасөспірімдер арасында ұйымдастырған "Балалар жүрекпен үн қатады"  атты байқау-челлендж  одан әрі жалғасуда.

 

Бұл челленджге 7-12 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысады. Оқылатын шығарма екі шумақтан, он екі жолдан аспауы тиіс.

Үміткер 4 маусымнан бастап 12 маусым (қоса есептегенде) аралығында әлеуметтік желідегі өз парақшасында мемлекеттік тілдің мәртебесі, ана тіліміздің қуатын бейнелейтін өлең немесе осы тақырыпта өз туындысын мәнерлеп оқып оны бейнебаян түрінде жариялап #tilqazyna, #tilulttynqazynasy деп тегтейді.

Қазылар алқасы бағалау кезінде шығарманы оқу мәнері, тақырыптың ашылуы, төлтуынды болса оның көркемдік мазмұны және кім өз оқырмандарынан көп ұнамды белгі алғаны да ескеріледі. Түрлі техникалық тәсілдермен көркемдеп, қосымша музыкамен әрлеуге болады.