• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Маусым, 2020

Жамбыл облысынан 57 отбасы қоныс аударған

734 рет
көрсетілді

Бүгінгі таңда Жамбыл облысынан еліміздің жұмыс күші тапшы өңірлеріне 57  отбасы, яғни 163 адам қоныс аударған. Оның ішінде Павлодар облысына 11 отбасы, Қостанай облысына 20  отбасы, Солтүстік Қазақстан облысына 20 отбасы және Шығыс Қазақстан облысына 6 отбасы бар.

Қоныс аударушы азаматтар толығымен қабылдаушы өңірдің квотасына енгізіліп, көшіп барған отбасылардың барлық мүшелеріне субсидиялар төленген және олар жалдамалы тұрғын үймен қамтылған. Бұл ретте Жамбыл облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков қоныс аударушыларға қаралған жеңілдіктерді де атап өтті.

«Отбасы мүшелеріне, сондай-ақ, отбасылық жағдайына қарамастан жалғызбастыларға бір рет 35 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, көшуге материалдық көмек отағасына және әрбір отбасы мүшесіне беріледі. Он екі ай бойы ай сайын тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге белгіленген мөлшерде материалдық көмек көрсетіледі. Қалалық жерлерге қоныс аударғандар үшін бір адамға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді. Сонымен қатар, ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін бір адамға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болған кезде 18 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ал отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде 21 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді», дейді Жорабек Баубеков.

 

Жамбыл облысы