Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия елімізде тағы 74 адамның коронавирустан жазылып шыққанын мәлім етті, - деп хабарлады Egemen.kz.
Қазақстанда тағы 74 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.Шымкент қаласында – 4,Атырау облысында – 14,Қарағанды облысында – 43,Маңғыстау облысында – 11,Түркістан облысында – 2.Елімізде барлығы 7 811 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.