• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Маусым, 2020

Түркістанда жылына 3 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсететін әуежай салынып жатыр

411 рет
көрсетілді

Түркістан қаласынан 16 шақырым қашықтықта халықаралық стандартқа сай және заманауи құрылыс технологиясымен әуежай бой көтеруде. YDA Group түрік компаниясы салып жатқан Түркістан халықаралық әуежайы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда құрылыс алаңында инвестордың 102 арнайы техникасы мен 300-ден аса құрылысшысы еңбек етуде, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев халықаралық әуежайдың және онда баратын автомобиль жолының құрылысын тексерді. Туризм әлеуетін арттыру үшін облыста арнайы бағдарлама әзірленіп, 2025 жылға дейін турист санын 5 миллионға жеткізу көзделіп отыр. Осы мақсатта халықаралық әуежайдан екі күнде бір рет Түркістаннан Меккеге тікелей ұшақ ашу көзделген. Бұл жайында былтыр желтоқсанда өткен Түркістан облысының Мәскеудегі күндері барысында айтылған болатын.

Аумағы 900 гектар болатын әуежайда терминал, ұшу-қону жолағы және басқа да нысандар салынады. Әуежай терминалы жылына 3 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсете алады. Ал әуежайға барар автомобиль жолының жалпы ұзындығы – 16,3 шақырым.