• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Әлем 09 Маусым, 2020

Мәскеуде бүгіннен бастап карантин режимі жеңілдетілді

171 рет
көрсетілді

Мәскеуде карантин режимі жеңілдегенімен, түрлі саладағы қызметкерлер қашықтан жұмыс істейді, - деп хабарлады BBC.

Кеше Ресей астанасының әкімі Сергей Собянин 9 маусымнан бастап қалада карантин алынатынын хабарлаған еді. Бірақ қоғамдық жерлерде маска мен қолғап кию, әлеуметтік арақашықтықты сақтау сынды сақтық шаралары әлі де жалғасады. Ал кеңсе қызметкерлерінің көпшілігі қашықтан жұмыс істейді.

Шаһар басшысының бұл шешімінен кейін елдегі ішкі туризм қайта жұмыс істеуге дайындықты бастап кетті. Алайда туроператорлар елдегі туризм 30 пайызға дейін қымбаттайтынын айтып ескертуде.

Өткен тәуліктегі жағдай бойынша Ресейде тағы 8595 адам коронавирус жұқтырған. Оның 1572-сі Мәскеуде тіркелген. Бұл 17 сәуірдегі жағдаймен салыстырғанда аз көрсеткіш. Елде пандемия басталғалы 485 253 адам індет жұқтырған. Соңғы ресми деректерге сүйенсек, Ресейде бір тәулік ішінде вирус жұқтыру бойынша өсім 4 апта бойы бірдей тіркеліп отыр.

Өкінішке қарай, мұнда кеше 171 адам коронавирустан көз жұмды. Жалпы қайтыс болғандар саны  6 142-ге жетті. Мәскеу қаласының өзінде қайтыс болғандардың саны 3 029-ға көбейген.

Сондай-ақ елде бір күнде 11 709 науқас жазылып шықты. Жалпы індеттен айыққандар саны 242 397-ге жетіп отыр.