• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
Технология 10 Маусым, 2020

Қарашығанақ жобасы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

267 рет
көрсетілді

«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» жергілікті өндірушілерден тауарлар мен қызметтерді сатып алу көлемі бойынша Қазақстан Респуб­ли­касындағы мұнай-газ секторы кәсіп­орын­дарының ішінде алдыңғы орында келеді. Өнімді бөлу туралы соңғы келі­сімге қол қойған күннен мыңдаған қа­зақс­тандық компаниялар ҚПО бір­лес­­тікте халықаралық стандарттар бо­йынша тәжірибе жинады.

ҚПО әріптестіктің арқасында жергілікті компаниялар өндіріс көлемін арттырды, озық технологиялармен алмасуды жүзеге асырды, сондай-ақ консорциумдар мен бірлескен кәсіпорындар құру үшін серіктестер таба алды. Индустриалды-интеллектуалдық даму­дың жаңа сатысына көтерілген олар енді Қазақстандағы ірі мұнай-газ жобаларын іске асыратын сұранысқа ие мердігерлер болды және әрі қарай да өз қызметін кеңейтуге дайын.

2019 жылғы сәуірден бастап ҚПО Бонатти консорциумы – «Монтажарнаулықұрылыс» компаниясы АҚ-мен бірге УКПГ-2 газды кері айдаудың төртінші компрессоры жобасын іске асыру үшін келісімшарт жасас­ты. Бұл жоба жетегі арттырушы беріліс, MS5002D газ турбинасы және құрғақ күкірт газын пайдаланатын нығыздауыштың ілеспе жүйесі бар бәсеңдеткіш арқылы қосылған үш сатылы ортадан тепкіш компрессоры бар компрессордың бөлігі.

Жергілікті дәнекерлеушілердің көпші­лі­гін қатыстыра отырып, Ғ22 материалынан жасалған қабырғаның арттырылған қалың­ды­ғын құбырлық байлау арқылы дәне­кер­леу кезінде, осы күрделі жұмысқа тарту көп міндеттің бірі болатын. Консорциум жұмысты қауіпсіз орындау, еңбек тиімділігі мен өндірімділігін арттыру дағдыларын дамыту мақсатында жергілікті мамандарды оқытуға кірісті.

Консорциум мақсатқа жету үшін 2019 жылдың желтоқсанында Тұңғыш ауы­­лындағы (Бөрлі ауданы) өндірістік база­сының аумағында Ғ22 материалынан құбырлық байлау арқылы дәнекерлеу үшін, доғалық дәнекерлеудің жартылай автоматты пісіру аппаратын қоса отырып, барлық қажетті құрал-жабдықты жинады. Ал 2020 жылдың ақпанында жергілікті дәнекерлеушілерді, соның ішінде доғалық дәнекерлеу аппаратының операторларын интенсивті кәсіби оқыту курсын іске қосты. Қазіргі кезде оқыту қорытындысы, біліктілік бағасы және жүргізілген сынақтар бойынша консорциум қолмен дәнекерлеудің 35 жергілікті дәнекерлеушісін, төрт жергілікті операторды даярлап шықты. Олардың бәрі қазір жобаға тартылған.

Осы консорциумды құру бастамасы ҚПО-ның қазақстандық өндірушілермен табысты әріптестігінің, сондай-ақ Қарашығанақ жоба­сындағы жергілікті қамтуда үлесін арт­ты­ру­дың тағы бір үлгісі.

Бүгінде ҚПО бірлескен кәсіпорындар мен корсорциумдар құру үшін шетелдік кәсіпорындар арасынан серіктестер іздеуде, жергілікті өндіруші компанияларға елеулі көмек көрсетіп отыр. Мұндай серіктестік қо­сымша жұмыс орындарын құруға, технологиялармен алмасуға, Қазақстанда жаңа өндірістерді дамытуға септігін тигізеді, жер­гі­лік­ті компанияларға жұмыс пен қыз­мет­тердің халықаралық стандарттарға сәйкестігін қам­та­масыз етуге мүмкіндік береді. Бәрімізге белгілі, жоғары сапа келешекте сатылатын өнімді халықаралық нарыққа шығарудың мүмкіндіктерін туғызады. 2020 жылдың бірінші тоқсанында ҚПО тауарлар мен қызметтерді жеткізу келісімшарттарындағы жергілікті қамту үлесі 59%-ға жеткенін атап өткен жөн.

 

Арман ҚҰСАЙЫНОВ