• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Саясат 10 Маусым, 2020

Министрлер келіссөз жүргізді

119 рет
көрсетілді

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен бейнеконференция режімінде келіссөздер жүргізді, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары саяси, экономикалық салалардағы, соның ішінде транзиттік көлік, энергетикалық және әскери-техникалық бағыттардағы Қазақстан – Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестіктің ағымдағы жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Сондай-ақ тараптар ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ШЫҰ, БҰҰ аясындағы кооперация мәселелерін қарастырды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты іс-шара­ларға қатысу үшін Мәскеуге алдағы сапарын дайындау мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, М.Тілеуберді мен С.Лав­ров ағымдағы жылдың қараша айында Көк­ше­тауда өтетін Қазақстан мен Ресей XVII өңір­­ара­лық ынтымақтастық форумына дайын­дық мәселелерін қарастырды.