• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Маусым, 2020

Әзербайжанда карантин 1 шілдеге дейін ұзартылды

167 рет
көрсетілді

Әзербайжан үкіметі елдегі карантин режимін 1 шілдеге дейін ұзартып, 14-15 маусым күндері тұрғындарға үйден шығуға тыйым салды. Бұл туралы аталған елдің коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабы хабарлады.

"Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды талдау және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсыныстары бойынша, елімізде арнайы карантиндік режим 2020 жылдың 1 шілдесі сағат 00:00-ге дейін ұзартылады", - делінген жедел штабтың хабарламасында.

Сондай-ақ хабарламада 14-15 маусымда Баку, Гянджа, Ленкорань, Сумгаит сынды ірі қалаларда және тағы ірі бес ауданда қатаң режимдегі карантин болатыны айтылған. Осы уақыт аралығында адамдарға үйден шығуға болмайды.

Әзербайжанда мемлекетаралық шекаралар 15 маусымнан 1 шілдеге дейін жабық болады. Бұл елде карантин режимі 24 наурызда енгізілген еді. Кейінірек эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин 4 мамырға дейін ұзартылды. Енді ол 1 маусымнан 15 маусымға дейін созылып отыр.

Соңғы деректерге сәйкес, Әзербайжанда коронавирус жұқтырғандар саны 8191-ге жетті,  98 адам қайтыс болды.