Өмірге өкпелеген азаматша жарық дүниеден баз кешіп, өз-өзіне қол жұмсауға бекінген. Куәгерлердің айтуынша, қолында екі жастағы баласы болған. Абырой болғанда құтқарушылар дер кезінде жетіп, ана мен баланы құтқарып үлгерген, - деп хабарлайды Egemen.kz
Құтқарушылар альпинистік жабдықтардың көмегімен ғимараттың шатырына көтеріліп, арашалап қалды.
–Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері бірден аумақты қоршауға алған. Азаматша жанына ешкімді жақындатпай, өзім секіріп, баламды лақтырып жіберемін деп айбат шекті. Әйтеуір, көрер жарығы бар екен, құтқарып қалдық,–дейді Көкшетау қалалық құтқару бөлімінің бастығы Роман Шевченко.
Қазір оқиғаның себептері жан-жақты тексеріліп жатыр.