• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Маусым, 2020

Атырауда әкімдік қызметкерінен коронавирус табылды

1377 рет
көрсетілді

Атырау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметкері 7 маусымда ЖРВИ белгісімен медициналық көмекке жүгініпті. Алайда, одан алынған зертханалық сынамалар қорытындысымен коронавирус инфекциясы табылып отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz

"Әлеуметтік желілерде Атырау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің карантинге жабылғаны туралы тараған ақпарат жалған. Қазір аталған бөлім   күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық  режимге сай қашықтан жұмысын  жалғастыруда. Ал, науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылып, бекітілген хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр",-  деп хабарлады облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті.

Науқаспен  жақын қарым-қатынаста болғандар анықталып, медициналық бақылауға алынды. Сондай-ақ, ауру ошағында  дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.